.RU

Сабақ тақырыбы: Параллель және ортогональ проекция Класс: 11 Сабақ мақсаты

Дата10.04.2017өлшемі112.59 Kb.






Ақтөбе қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Инттеллектуальды мектебі

Мұғалім: Құлшымбаева Н. Е.

Сабақ тақырыбы: Параллель және ортогональ проекция



Класс: 11

Сабақ мақсаты:

  • Ортогональ және параллель проекциялау ұғымымен таныстырып, өмірде олардың қолданысы туралы түсінікті қалыптастыру. Ортогоналдық проекция ауданын есептеу білім, біліктерін қалыптастыру.

  • Оқушыларды еліміздің білімді, ақылды, азаматтары болуға тәрбиелеу.

  • Болашақта сәулет өнері мен инженерлі техникалық мамандық таңдаған оқушыларға бұл тақырыпты тереңдетіп қарастыратынына сілтеме жасау.


Сабақтың тілдік мақсаттары: Ғылыми тілді дамыту үшін математикалық жаңа терминдерді пайдаланып, өздеріне анықтаманы тұжырымдату. Оқушылар топпен талқылауға қатысып, ұсынылған идеяларды негіздеу үшін математикалық тілді пайдаланып, зейінмен тыңдайды және жетекшілікке еріп отырады.

Сабақ типі: Жаңа сабақ

Сабақтың өткізілу формасы: Проблемалық оқыту

Сабақтың барысы:



Қажетті білімдер (тірек білімдер): Параллель түзулер, жазықтыққа перпендикуляр түзу, жазықтықтардың параллельділігі.

Практикалық бөлімнің демонстрациясы : практикалық бөлімде оқушылар параллеограммның және дұрыс алтыбұрыштың бейнесін салуды көрсететін бейнематериал қарайды.

Кіріспе бөлімі:

Оқушылардың қызығушылығын ояту барысында олардың көз алдына Астана қаласының зәулім ғимараттары көрсетіледі, бұл ғимараттардың қалай, кім тұрғызғандары туралы ақпарат беріледі, бүгінгі сабақтың тақырыбымен байланыстырылады.



Сабақтың бейнефрагменті: Ортогональ проекцияны көпбұрыштың ауданын табу үшін қолданылатын формуланы пайдаланып қолданбалы есепті шығару.

Жаңа материалды түсіндіру, демонстрация: жаңа материал проблемалық оқыту әдісімен түсіндіріледі, оқушыларға фотосуреттке қатысты сұрақтар қою арқылы.

Сабақтың бейнефрагменті



Формативті бағалау: Оқушылар өздерін бағалау арқылы, мақсаттарына жеткендерін анықтайды.

Кері байланыс алу: Оқушыларға кесте беріледі «сабақта не ұнады, нені өзгерткім келеді, қызық болды».

Үй тапсырмасы: Параллель және ортогональ проекциялауға тапсырма беріледі.



Сабақ:

Күні: 23.11.2014 ж.

Класс: 11 кл.

Тақырып: Ортогональ және параллель проекция



Мектеп: NIS Ақтөбе қ. филиалы

Мұғалім аты-жөні: Құлшымбаева Н. Е.

Келмеген оқушылар саны: _____

Қатысушы оқушылар саны_____



Оқу мақсаттары

ГВ.11.9 Ортогональ және параллель проекциялау ұғымын біледі;

ГВ.11.10 Фигуралардың ортогональ және параллель проекцияларын сала алады;

ГМ.11.4 Ортогоналдық проекция ауданын есептей алады;


Сабақ мақсаттары:

  • Ортогональ және параллель проекциялау ұғымымен таныстырып, өмірде олардың қолданысы туралы түсінікті қалыптастыру. Ортогоналдық проекция ауданын есептеу білім, біліктерін қалыптастыру.

  • Оқушыларды еліміздің білімді, ақылды, азаматтары болуға тәрбиелеу.

  • Болашақта сәулет өнері мен инженерлі техникалық мамандық таңдаған оқушыларға бұл тақырыпты тереңдетіп қарастыратынына сілтеме жасау.

Тілдік мақсаттар


Ғылыми тілді дамыту үшін математикалық жаңа терминдерді пайдаланып, өздеріне анықтаманы тұжырымдату. Оқушылар топпен талқылауға қатысып, ұсынылған идеяларды негіздеу үшін математикалық тілді пайдаланып, зейінмен тыңдайды және жетекшілікке еріп отырады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Параллель проекция, бағыттаушы түзу, проекциялау жазықтығы, ортогональ проекция



Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

Кеңістікте берілген фигураны проекциялау үшін......

Егер бағыттаушы түзу проекциялаушы жазықтыққа перпендикуляр болса.....


Алдыңғы меңгерілген білім

Параллель түзулер, жазықтыққа перпендикуляр түзу, жазықтықтардың параллельділігі.

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңдері

Сабақта орындалатын іс-әрекеттер

Оқыту ресурстары

Басы

1-4мин.



  1. Оқушылармен амандасу, оларды жұпқа бөлу. Жұпқа бөлу үшін ақыл, білім туралы мақал-мәтелдердің басы мен соңы әр параққа жазылады, оқушылар толық мақалды сәйкестендіру арқылы жұп құрады.

  2. Оқушылардың көңіл күйлерін анықтау үшін әрбір оқушы параққа бүгінгі көңіл күйін суреттейтін ауа-райын салады. Бір-бірінің көңіл күйлерін суретке қарап анықтасын.

  3. Оқушыларға еліміздің әдемі ғимараттарының суреттерін презентация арқылы көрсету. Ғимараттарды салуда пайдалынылатын сызбалар туралы айту. Мұндай сызбалармен жұмыс жасайтын мамандық иелерін атап өту. Сызба салудың негізі (фундаменті) бүгінгі тақырыптан қаланатынын болашақ мамандықпен байланыстыру.

Қосымша №1

Слайд №3-14


Cлайд №15


Слайд №16-25


Ортасы

5-36мин.

Фронтальды жұмыс

Жұптық жұмыс

Өзіндік жұмыс

Фронтальды жұмыс

Жұптық жұмыс

Топтық жұмыс



  1. Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру. Күтілетін нәтижені айту.

  2. Параллель проекция ұғымын проблемалық оқыту әдістемесі бойынша сұрақ-жауап арқылы енгізу. Сұрақтар презентацияда көрсетілген суреттер бойынша қойылады

Сұрақтар: А нүктесінің бейнесі қай жерде бейнеленіп тұр? Жерде ме әлде кеңістікте ме? Суреттегі А нүктесінің жердегі бейнесі А′ қалай табылған? Жерде тағы да басқа нүктелердің бейнесін көріп тұрсыз ба? Бұл нүктелердің бейнесін алуда қандай бір ұқсастық байқадыңыз?

3. Оқушылардың өздеріне математикалық терминдер мен сөз тіркестерін пайдаланып нүктенің проекциясын алу жолының анықтамасын тұжырымдату. Тақтада презентацияда көрнекі түрде терминология мен сөз тіркестерін көрсету.

4. Кеңістікте берілген фигураның проекциясын алу жолын

қарастыру.

5. Параллель проекциялауға қатысты ескертулерді қарастыру.

6.Параллель проекциялау қасиеттерін оқушыларға сұрақтар қою арқылы беру. Сұрақтар: ВС нүктелері арқылы өтетін шатырдың қырының проекциясы қандай? Нүкте ме әлде кесінді ме? Егер ВС нүктелері арқылы өтетін шатырдың қыры шексіз деп, көз алдымызға елестетсек оның проекциясы қандай болар екен? Суретте проекциялау бағытына параллель үйдің элементтерін көріп тұрсыздар ма? Шатырдың СD –қабырғасының проекциясы қандай фигура болып бейнеленген? Үйдің элементтерінде параллель түзулер бар ма? Параллель түзулердің бейнелері қалай орналасқан?

7. Жазық фигуралардың проекциялары, параллелограмм проекциясын салу бейнематериалды қарап оқушылар жұппен отырып салады. Алынған проекцияның қандай фигура екендігін талдайды.

8. Жұптық жұмысқа тапсырма: Оқушылар сұрақтарды талдайды, жауаптарын негіздейді. Оқушыларға қосымша ретінде терминология мен сөз тіркестері беріледі.

1. Шеңбердің параллель проекциясы қандай фигура болады?

2. Кеңістіктің үш нүктесін проекциялаған уақытта қанша нүкте болуы мүмкін? Барлық жағдайларын қарастырыңыздар.

3. Екі қиылысушы түзудің проекциясы қандай фигуралар болады?

9. Практикалық жұмыс №2: Дұрыс алтыбұрыштың проекциясын салыңыз. Әр оқушы өз бетімен орындайды.

10. Ортогональ проекция туралы түсінікті енгізу. Көпбұрыштың ауданын ортогональ проекцияны пайдаланып табу. Қолданбалы есеп қарастыру.

11. Ортогональдық проекцияға қатысты есепті оқушылар шығарады. Тапсырманы жеке, жұппен орындайды. Орындап болғасын басқа оқушылардың жұмыстарын қарап талдайды. Дұрыс жауап арқылы өздерін критерий бойынша тексереді. тексереді.


Слайд №26-29

Слайд №31-37

Слайд №37-43

Слайд №44-46


Слайд №47-48

Слайд №49-63


Слайд №64-69

Бейне-материал «Параллелограмм»

Слайд №70-78

Бейне материал

«Шестиугольник»

Слайд №78-87

Бейне материал

«Крыша»
Слайд №88-90
Қосымша №4 Критерий парағы


Соңы:







Бағалау

Оқушылар өздерін бағалауға берген парақтарды толтырады, өздерінің белсенділіктерін, қаншалықты жұмыс жасағандарын балмен бағалап, өздерін реттейді. Максимал 14 балдың 10-нан жоғарын алса, мақсаттарына жеткен болып есептеледі.

Қосымша №2

Слайд №91




Үй тапсырмасы



Тапсырма №1. Параллель проекцияның қасиеттерін және ортогональ проекцияның ауданға қатысты формуласын дәлелдеу жолдарын оқыңыз.

Тапсырма №2. Трапецияның және бесбұрыштың

проекцияларын салыңыз.

Тапсырма №3: Барлық қырлары өзара тең үшбұрышты пирамиданың қыры 4 см. Бүйір жағының табан жазықтығына ортогональ проекциясының ауданын табыңыз.

Тапсырма №4:Үшбұрыштың параллель проекциясында медиана проекциясын қалай саламыз?


Слайд №92-93


Рефлексия

Оқушылардан кері байланыс алу үшін кестені толтырту, «сабақта не ұнады, нені өзгерткім келеді, қызық болды».

Слайд №94

Қосымша №3




Қосымша ақпарат




Дифференциациялап оқыту – Оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз? Жұптық жұмыста қабілетіжоғары оқушы қасындағы оқушыға білімді бір-біріне диалог құру арқылы қолдау жасап біріне бірі үйретеді.

Бағалау – Оқушылардың білімін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-ні қолдану

Құндылықтармен байланыс

(тәрбие элементі)

Барлық оқушылар параллель проекциялау мен ортогональды проекция ұғымын біледі.

Кеңістік фигураларының проекциясының қандай фигуралар болатынын біледі. Ортогональдық проекциялауды аудан табу есептерінде пайдалана алады.

Кейбір оқушылар параллель проекциялауда фигураның аффиндік қасиеттерін пайдаланып есептер шығара алады.


Оқушылардың тапсырмаларды орындауға және диалогтарға қаншалықты қатысатындығын бақылау жолымен бағалау

Прогресс, жұппен жұмыс кезіндегі жауап реакциясы әр оқушының үлесін бағалау үшін және қателердің бар-жоқтығын түсіну үшін мұқият қарастырылады.

Оқушыларға берілген өзін-өзі бағалау парақтары арқылы.


Оқушылар өз сыныптастарымен диалогқа, әсіресе жұппен жұмыс істегенде қатысуы керек, сол сияқты сыныппен талқылауға коммуникативтік дағдыларын дамытып, қатысуы керек.
Пәнаралық байланыс пәнді сызба геометриясымен мектепте Өнер пәнімен байланыстыру.

Жұппен жұмыста оқушылар әріптесіне қарап, идеяларымен бөлісіп және талқылауға қатысып, жауапты болуға үйренеді.




Рефлексия





Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты).

1: Тақырыпты болашақ мамандық таңдаумен байланыстырып оқушылардың қызығушылығын арттыру.

2: Жаңа тақырыпты өмірмен байланыстырып, оқушыларға өздері күнде кездесіп жүрген материалмен байланыстыру. Қолданбалы есепті оқушының шығаруы. Бейне материал.

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)?

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?




Достарыңызбен бөлісу:

s-p-linev-17-aprelya-2012-g-stranica-3.html
s-p-novikov-matematiki-i-fiziki-akademii-6080-h-godov-semejnie-vospominaniya.html
s-p-radchenko-assistent-kafedri.html
s-p-shavel-yo-v-izdanie-vtoroe-ispravlennoe-i-dopolnennoe.html
s-p-yakovleva-ispolzovanie-kraevedcheskogo-materiala-v-kurse-otechestvennoj-istorii.html
s-perelomami-nizhnegrudnih-i-poyasnichnih-pozvonkov-stranica-2.html
  • zadachi.bystrickaya.ru/osobennosti-avtomatizacii-deloproizvodstva-na-predpriyatiyah-restoranno-gostinichnogo-biznesa.html
  • abstract.bystrickaya.ru/18-srok-okupaemosti-vlozhenij-kursovoj-proekt-po-discipline-organizaciya-i-planirovanie-proizvodstva-tema-raboti.html
  • kontrolnaya.bystrickaya.ru/publichnij-otchet-direktora-goou-npo-pl-10-g-lipecka-zolotarevoj-n-v-za-2009-2010-uch-god-obshaya-harakteristika-uchrezhdeniya.html
  • otsenki.bystrickaya.ru/sekciya-5-informacionno-telekommunikacionnie-sistemi-programma-14-17-aprelya-2009-goda.html
  • writing.bystrickaya.ru/finansovaya-effektivnost-sliyanij-i-pogloshenij.html
  • learn.bystrickaya.ru/glava-4-strategii-povedeniya-pri-stresse-mnogie-v-hode-boev-stremyas-k-pobede-i-vizhivaniyu-stali-psihologicheski.html
  • znanie.bystrickaya.ru/53-kopernikanskaya-revolyuciya-v-m-najdish-koncepcii-sovremennogo-estestvoznaniya.html
  • testyi.bystrickaya.ru/63-tematika-uirs-po-discipline-rabochaya-programma-uchebnoj-disciplini-himiya-po-napravleniyu-podgotovki-100800.html
  • exchangerate.bystrickaya.ru/glava-7-biznes-v-stile-dzen-styuart-enri-gould.html
  • zanyatie.bystrickaya.ru/ob-ekonomicheskoj-celesoobraznosti.html
  • znanie.bystrickaya.ru/4komahdovat-ili-podchihyatsya-specialho-dlya-rukovoditelej-1-obshie-principi-psihologicheskoj-borbi-legkie.html
  • studies.bystrickaya.ru/12-4prognozirovanie-regionalnogo-razvitiya-tema-vvedenie-v-ekonomicheskuyu-teoriyu-2.html
  • literatura.bystrickaya.ru/sdvigi-v-ekonomicheskoj-strukture-g-r-gromov-moskva-nauka-1984.html
  • control.bystrickaya.ru/doklad-po-mhk-na-temu-razvitie-dizajna-v-tvorchestve-dizajnera-calvin-klein.html
  • uchebnik.bystrickaya.ru/vkachestve-otvetov-na-dannie-voprosi-mi-poluchim-to-chto-v-ekonomicheskoj-teorii-nazivaetsya-velichinoj-predlozheniya-i-cenoj-predlozheniya-sootvetstvenno.html
  • predmet.bystrickaya.ru/referat-po-teme-vlazhnost-vozduha.html
  • writing.bystrickaya.ru/istochniki-mezhdunarodnogo-ekonomicheskogo-prava-chast-3.html
  • tetrad.bystrickaya.ru/v-otchetnij-period-soglasno-reglamentu-soveta-i-ispolkoma-vkp-provedeno-dva-zasedaniya-ispolkoma-vkp-i-zasedanie-soveta-vkp.html
  • lektsiya.bystrickaya.ru/prilozhenie-3-sodejstvuyushie-meropriyatiya-v-celevoj-oblasti-bioraznoobraziya-odobrennie-v-techenie-otchetnogo-perioda.html
  • grade.bystrickaya.ru/mochka-uha-kak-viglyadyat-nashi-tela-kakovi-prichini-togo-chto-mi-viglyadim-tak-a-ne-inache-mozhem-li-mi-izmenitsya.html
  • assessments.bystrickaya.ru/dokladi-predstavlennie-gosudarstvami-uchastnikami-vsootvetstvii-so-statej-9-konvencii.html
  • knowledge.bystrickaya.ru/obsheuchebnie-umeniya-naviki-i-sposobi-deyatelnosti-rabochaya-programma-po-istorii-dlya-5-9-klassov-sostavlena-na-osnove.html
  • holiday.bystrickaya.ru/obrazovatelnaya-programma-visshego-obrazovaniya-bakalavriata-realizuemaya-vuzom-po-napravleniyu-podgotovki-030900-62-yurisprudenciya.html
  • lektsiya.bystrickaya.ru/programma-disciplini-municipalnaya-vlast-v-kontekste-sovremennoj-reformi-mestnogo-samoupravleniya.html
  • zadachi.bystrickaya.ru/rasshiryaetsya-i-programma-regionalnogo-zakaza-kotorij-vipolnyaetsya-po-kontraktu-s-ministerstvom-ekonomicheskogo-razvitiya-respubliki-komi.html
  • zadachi.bystrickaya.ru/osobennosti-socialno-ekonomicheskogo-razvitiya-rossii-v-xvii-v.html
  • desk.bystrickaya.ru/pamyatnaya-doska-priziv-k-miru-i-spravedlivosti-p-e-esser-posvyashaetsya-mame-i-docheri.html
  • reading.bystrickaya.ru/konkurse-pedagogicheskie-innovacii.html
  • write.bystrickaya.ru/glava-10-rodovie-funkcii-glava-11-razrabotka-ekspertnih-sistem.html
  • ucheba.bystrickaya.ru/prikaz-ot-6-avgusta-2004-g-n-20-e2-ob-utverzhdenii-metodicheskih-ukazanij-po-raschetu-reguliruemih-tarifov-i-cen-na-elektricheskuyu-teplovuyu-energiyu-na-roznichnom-stranica-23.html
  • shpargalka.bystrickaya.ru/uchebnik-po-prakticheskim-tehnikam-dlya-sodejstviya-lichnostnim-izmeneniyam-vknige-prostim-i-dostupnim-yazikom-vsestoronne-raskrivayutsya-principi-tehniki-i-praktika-psihologicheskogo-konsultirovaniya-stranica-4.html
  • thesis.bystrickaya.ru/prazdnik-nelegalov-kompaniya-maksim-logvinov-16062008-023-str-7-gosduma-rf-monitoring-smi-12-16.html
  • exchangerate.bystrickaya.ru/glava-7-ot-instinkta-do-intellekta-agressivnost-sobak-i-koshek-15-avt-l.html
  • nauka.bystrickaya.ru/urok-seminar-po-tehnologii-7-klass-tema-siluet-i-stil-v-odezhde.html
  • turn.bystrickaya.ru/plan-vvedenie-i-obuchenie-dinamicheskomu-chteniyu-ii-sistema-trenirovochnih-uprazhnenij-po-formirovaniyu-chteniya-celimi-slovami-dihatelnaya-gimnastika-i-podgotovka-golosa-stranica-3.html
  • © bystrickaya.ru
    Мобильный рефератник - для мобильных людей.