.RU

Сабақ тақырыбы: Мұхтар Әуезов «Боран» Сабақтың мақсаты

Дата10.09.2017өлшемі50.4 Kb.
Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы
№18 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
ИЛЯСОВА АЛМА ИМАМЕДИНОВНА

Уақыты:

Ана тілі


3- сынып

Сабақ тақырыбы:

Мұхтар Әуезов «Боран»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қыс мезгілі ауа райындағы өзгешіліктерді айта отырып, басқа жыл мезгілдерімен салыстыру. Жазушының қаһарлы қысты көркем, әсерлі суреттеуіне мән беру, өткен сабақпен салыстыра отырып, екі тақырыптағы қыс мезгілінің мағынасын ашу. Мәнерлеп оқу, өз бетінше және топпен білім алу дағдысын қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың тіл байлығын дамыту, сөздік қорын молайту.Табиғат құбылыстарын әдеби тілмен суреттей білуге дағдыландыру, оқу техникаларын дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды табиғатты қорғауға, аялауға тәрбиелеу. Жыл мезгілдерінің ерекшелігін танып, бағалай білуге баулу.
Сабақтың көрнекілігі: Қыс мезгілінің суреті, Абай мен Мұхтар Әуезовтың портреті, жұмбақтар, слайд.
Сабақтың әдістері: Дамытушылық сабақ
Пәнаралық байланыс: Табиғаттану, бейнелеу өнері, әдебиет

Сілтеме:

 1.Ана тілі оқыту әдістемесі.
2. 3-сыныпқа арналған ана тілі оқулығы

Оқу нәтижесі:

Жаңа сөздердің мағынасын ашады. Табиғат құбылыстарын әдеби тілмен суреттей білуге дағдыланады,  оқу техникалары дамиды. Жыл мезгілдерінің ерекшелігін танып , бағалай білуге, табиғатты сүюге үйренеді.

І.Психологиялық ахуал:

Түрлі - түсті смайликтерді таңдау арылы топқа бөлу.
Қазақ тілі- өз тілім- ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім,
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дара тілім!

ІІ.Қызығушылығын ояту.
Үй тапсырмасын сұрау.


Абайдың «Қыс» өлеңін әр топтан оқушылардан мәнерлеп жатқа сұрау. ( Тақтадан аязды шалдың кейпінде бейнелеген суретті көрсету ).

– Автор қысты кімге теңеп тұр? (Қысты адамға, кәрі шалға теңейді).

– Шалдың киімдері қандай? (Ол ақ киімді, үстін ақ қырау басқан)

– Киім деп отырғаны не? (Ол жауған қар, қатқан мұз)

– Өлеңдегі шалдың мінезі қандай? (Ол қатал, соқыр, мылқау адам сияқты)

– Соқыр, мылқау дейтін себебі не? (Ол ештеңені көрмейді, аямайды, бәрін тоңдырады).

– Міне, балалар Абай атамыз қыс мезгілін осылай суреттеген.

Сергіту сәті:

Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әнін айту.




ІІІ. Мағынаны тану


Кітаппен жұмыс 
Әр топқа қима таратылады.
Сұраққа жауап бер:

- Абайды бүкіл дүние жүзіне танытқан кім?..............


-Қандай шығармасы арқылы?............
-«Абай жолы» романы неше том кітаптан тұрады?.........
- М. Әуезов кім?...........
- Ол кімнен бата алған?.................
 -«Бала Абай » әңгімесін нешінші сыныпта оқыдық? .................................................... (Қысқаша мазмұнын еске  түсіру)

Жұмбақтар шешкіз:


а) Табаныма байладым, Қос таяқпен айдадым. (Шаңғы)

ә) Таусылмайтын ақ мақта, Қысы- жазы тау жақта. (Қар)

б) Тоңғақты таниды,
Беті қолды қариды. (Аяз)

в) Көрінбейтін өзі,


Айтатын жоқ сөзі.
Ысқырып тұрады,
Серуен құрады. (Боран)

Бүгін біз М. Әуезовтың «Абай жолы» романынан үзінді «Боран» әңгімесін оқып танысамыз.

М.Әуезовтың өмірбаянынан мағлұмат беру.

М.Әуезов1897 жылы туылып, 1961 жылы өмірден өткен. Ол қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Семей өңіріндегі Абай ауданында дүниеге келген. Оны атасы Әуез бен әжесі Дінәсіл тәрбиелеген.

Алдымен ауыл молдасынан хат танып, кейін Семей, Ташкент, Санкт-Петербург қалаларында оқыды.

Мұхтар Әуезовтың көптеген әңгімелерін оқыдық. Яғни, Көксерек, Бала Абай, Әбілмансұр, Әке арманы, Кешкі дөң басында т.б. Ал енді бүгін Мұхтар атамыздың тағы бір әңгімесімен танысамыз.



( Мұхтар Әуезов туралы бейнебаян көрсету. )

Жаңа сабағымыздың тақырыбы: «Боран»

- Мәтінмен жұмыс
1. Қысқаша мәтіннің мазмұнын айтып кету. 
2. Тізбектеп оқыту. 
3. Сөздік жұмыс 
Жұмырланған – қатты су қар 
Толассыз - тоқтамай жүру 
Сарылған – ұзақ уақытқа созылған 
4. Керекті жерін тауып оқыту. 
1. Боранның күшейе түскенін әңгіменің қай жолдарынан білуге болады? 
2. Абайдың мазасы кеткен жерін тауып оқыту. 
3. Әңгіменің ең соңғы сөйлемін қалай түсінесіңдер? 
4. Мәтінге сүйеніп үсінгеннен сақтану жолдарын (тауып оқы) айтып бер. 
5. Әр бөлімге ат қой.( топпен жұмыс) 
Өздерің боранды қалай суреттер едіңдер 
6. Ерте кезде халық ауа райын қалай болжаған? 
( балалардың өздерінің білетін болжамдарын айтқызу) 
Кезектесіп сұрақ қою арқылы алған білімін пысықтау.Мұғалім ақпараты.
(Тақырыпқа байланысты мазмұнды сурет көрсету)

Сергіту

Бейнеүзінді

ІV.Өзіндік жұмыс.


1-топқа: Әңгіменің алғашқы азат жолын қайталап оқып. Ондағы қар түрлерін екі топқа бөл..
2-топқа: Әңгіменің екінші азат жолын қайталап оқып, боранға тап болған Абайдың жай-күйін сипаттап айтып беру.
3- топқа:  Мәтіннің үшінші азат жолын қайталап оқы.
-Абайдың мазасын алған не?
-Ол неден қауіптенді?
-Осы бөлікті қалай атар едің?
-Осы әңгімеде жазушы боранды неге теңейтінін тауып оқы.

V. Ой толғаныс
Қорытынды

Шығармашылық жұмыс.

1-топқа: Қыс мезгіліне байланысты мақал- мәтелдер айту және мазмұнын ашу.

2-топқа: Ұйқас бойынша өлең құрастыру.
………………………………….   даламыз,
………………………………….   баламыз.
………………………………….   шанамыз
………………………………….   қаламыз

3-топқа: Осы тақырыпқа байланысты сурет салу, түсіндіру.

VІ. Тест

1.М. Әуезов кім?
а) ақын
ә) журналист
б) жазушы
2. Мұхтар қай жылы дүниеге келген?
а) 1897 ә) 1845 б) 1870
3. Мұхтар Әуезов көбінесе кім туралы жазды?
а) Абай ә) Ыбырай б) Шоқан.
4. Мұхтар Әуезовтың Абай туралы қандай үлкен шығармасы бар?
а) «Ботагөз» ә) «Бала Шоқан» б) «Абай жолы».
5. Аяз қысып, өрнек сызып,
Терезеңді торлайды.
Қарға омбығып, бет домбығып,
Балдырғандар ойнайды.
Кейде ұлып, кейде жұлып
Ұйтқып боран соғады.
Бұл қай кез болады?
а) жазда ә) қыста б) күзде
6.Сарылған суық сазынан жаңылған жоқ. Кейде ақ боран, қаттыаяз ұлып та кетеді. Бұл қай мәтіннен алынған үзінді?
а) «Боран» М. Әуезов
ә) «Қыс» Абай
б) «Күз» М. Дулатов

VІІ. Үйге тапсырмасын беру

Мазмұндау.

VІІІ. Бағалау 

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау




Достарыңызбен бөлісу:

s-n-shelkunov-20-marta-2012-g-polozhenie.html
s-n-yakovlev-prezident-pko-rbf-nan-kandidat-biologicheskih-nauk-pit-alkogolnie-napitki-naseleniyu-rossii-ili-ne-pit-po-suti-svoej-ravnoznachen-voprosu-bit-rossii-il-ne-bit-ne-smogut-nezdorovie-muzhchini-pos.html
s-nachala-goda-v-eao-na-vode-pogiblo-13-chelovek-informacionnoe-agentstvo-primamedia-18082011.html
s-nailuchshimi-pozhelaniyami-alla-fridman-15-maya-2000-g.html
s-nauchnim-dokladom.html
s-nimi-nado-molchat-novaya-gazeta-elvira-goryuhina-obozrevatel-novoj-16102008-077-str-1-3.html
  • education.bystrickaya.ru/15ocenka-effektivnosti-i-rezultativnosti-deyatelnosti-organov-gosudarstvennoj-vlasti-i-organov-mestnogo-samoupravleniya.html
  • knowledge.bystrickaya.ru/obuchenie-tretemu-inostrannomu-yaziku-v-polikulturnoj-srede-italyanskij-yazik-yazikovoj-vuz-13-00-02-teoriya-i-metodika-obucheniya-i-vospitaniya-inostrannie-yaziki.html
  • uchit.bystrickaya.ru/tema-4-sistema-i-istochniki-tamozhennogoprava-rossii-kurs-lekcij-sankt-peterburg-2005-bbk-myachin-a-n-semenov.html
  • control.bystrickaya.ru/elektromagnetizm.html
  • school.bystrickaya.ru/farmakoepidemiologicheskoe-issledovanie-antigipertenzivnoj-terapii-v-pozhilom-vozraste.html
  • uchitel.bystrickaya.ru/rabochaya-programma-i-zadanie-na-kontrolnuyu-rabotu-s-metodicheskimi-ukazaniyami-dlya-studentov-vkursa-specialnosti-vagoni-v.html
  • pisat.bystrickaya.ru/teoriya-esteticheskoj-izolyacii-i-praktika-postmodernistskogo-romana.html
  • spur.bystrickaya.ru/konspekt-uroka-po-biologii-v-8-klasse-mou-sosh-tema-uroka-trombociti-svertivanie-krovi.html
  • books.bystrickaya.ru/bibliograficheskij-ukazatel-novih-postuplenij-v-rnmb-iyul-avgust-2009-g.html
  • knowledge.bystrickaya.ru/obrazovatelnaya-programma-patriot-otechestva-voenno-patrioticheskoj-napravlennosti-srok-realizacii-programmi-1-god-vozrast-uchastnikov-programmi-14-16-let.html
  • letter.bystrickaya.ru/novoe-kachestvo-obrazovatelnoj-sistemi-kak-ozhidaemij-rezultat-proekta.html
  • nauka.bystrickaya.ru/uchebno-metodicheskij-kompleks-diciplini-kulturologiya-dlya-studentov-specialnosti-032401-reklama.html
  • essay.bystrickaya.ru/boris-akunin-stranica-16.html
  • apprentice.bystrickaya.ru/zhurnalistika-konca-xix-veka-chast-2.html
  • exchangerate.bystrickaya.ru/glava-pyataya-osnovnie-napravleniya-teologii-religij-temi-svyatih-otcov-2-istinnaya-mudrost-iustin-3-logos-vmesto.html
  • znanie.bystrickaya.ru/5-primernij-spisok-voprosov-k-kollokviumu-uchebno-metodicheskij-kompleks-po-istoriya-mirovoj-i-otechestvennoj-kulturi.html
  • control.bystrickaya.ru/dezadaptaciya-kakoe-libo-narushenie-adaptacii-prisposoblenie-organizma-k-postoyanno-menyayushimsya-usloviyam-vneshnej-ili-vnutrennej-sredi-sostoyanie-dinamicheskogo-n.html
  • zadachi.bystrickaya.ru/soderzhanie-obshego-obrazovaniya-vseobuch-spravk-a.html
  • write.bystrickaya.ru/glava-12torgovlya-i-moreplavanie-antonin-bartonk-zlat-mukny.html
  • doklad.bystrickaya.ru/vosem-let-na-rinke-obrazovatelnih-uslug.html
  • institute.bystrickaya.ru/glava-iv-zashitnie-meri-statya-sfera-primeneniya-zakona-statya-osnovnie-ponyatiya.html
  • studies.bystrickaya.ru/analiz-i-upravlenie-finansovih-aktivov-kommercheskih-bankov-ra-chast-33.html
  • zadachi.bystrickaya.ru/sng-na-puti-k-ekonomicheskomu-soyuzu-chast-7.html
  • upbringing.bystrickaya.ru/marsianskij-ekspress-sleduet-po-raspisaniyu-bibliograficheskij-ukazatel-prednaznachen-kak-dlya-specialistov-tak.html
  • lesson.bystrickaya.ru/sovmestnoe-ispolzovanie-obshej-pamyati-etot-kurs-posvyashen-srede-razrabotki-delphi-firmi-borland-izvestnoj-takzhe.html
  • obrazovanie.bystrickaya.ru/preparati-iz-mineralov-i-produktov-zhivotnogo-proishozhdeniya-vknige-podrobno-izlozheni-prichini-i-sposobi-terapii.html
  • uchitel.bystrickaya.ru/rabochaya-uchebnaya-programma-po-predmetu-informatika-i-ikt-5-6-klass-propedevticheskij-uroven-avtor-uchitel-matematiki-i-informatiki-petrova-o-p-2008-g.html
  • shkola.bystrickaya.ru/nepravilnoe-uderzhanie-podohodnogo-naloga-ezhekvartalnijotche-t-emitenta-emissionnih-cennih-bumag-za-ii-kvartal-2003-g.html
  • znaniya.bystrickaya.ru/r-azrabotka-tehnologii-identifikacii-i-monitoringa-neftyanih-zagryaznenij.html
  • grade.bystrickaya.ru/nravstvennij-princip-laboratoriya-medicinskogo-prosvesheniya-nravstvennoe-razvitie-vzroslogo-cheloveka-terminologicheskij.html
  • znaniya.bystrickaya.ru/referat-otchyota-po-nir-na-temu-razrabotka-i-vnedrenie-avtomatizirovannoj-informacionnoj-sistemi-ais-energetika.html
  • teacher.bystrickaya.ru/glava-185-mahabharati.html
  • universitet.bystrickaya.ru/stilizaciya-spodruchnost-upakovka-a-funkcionalnaya-sistema-ili-diskurs-obekta-11.html
  • grade.bystrickaya.ru/nikolaj-alekseevich-nekrasov-stranica-22.html
  • books.bystrickaya.ru/byulleten-verhovnogo-suda-rf-2005-9-s-10-11-metodicheskoe-posobie-dlya-vipolneniya-kursovih-rabot-po-speckursu.html
  • © bystrickaya.ru
    Мобильный рефератник - для мобильных людей.