С. Құсниденов
.RU

С. Құсниденов

Дата25.02.2017өлшемі69.53 Kb.



С. Құсниденов

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті

Қазақстан Республикасы, 060011,Атырау қ.,Студенттік даңғылы,212
МЕНТАЛИТЕТ
Аңдатпа

Мақалада жалпы менталитет, оның ішінде қазақтың ұлттық менталитеті туралы әр-түрлі көзқарастарға, оның қалыптасуына әсер ететін факторларға, маңызына, рөліне түсініктер берілген.

Негізгі сөздер: менталитет, ұлттық, діл, мінез-құлық, салт-дәстүр, психикалық, мәдениет, тіл, ұлттық ерекшелік, ұлттық бірлік.
КІРІСПЕ

Әрбір ұлттың, халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан даму тарихына әлеуметтік-экономикалық, саяси, мәдени-тұрмыстық ерекшеліктеріне байланысты, өзіндік мінез-құлық, ұлттық менталитеті (діл) қалыптасады. Сондықтан мына ұлттың, халықтың мінезі, менталитеті жақсы, мына ұлттардікі - жаман деп айтуға болмайды. Менталитеттің әркелкілілігі заңды құбылыс.

Мақала жалпы менталитет мәселесіне, оның ішінде қазақтың ұлттық менталитетінің қалыптасу ерекшеліктеріне арналған. Себебі, бұл – теориялық және практикалық мәні бар актуальды мәселе.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Ғылыми әдебиеттерде менталитет мәселесі – көп айтылып та, жазылып та жүрген мәселелердің бірі. Соған қарамастан ғалымдардың арасында бұл мәселе туралы бір тұжырымға келген пікір жоқ. Оның себебі, біріншіден, бұл мәселенің күрделілігіне, екіншіден, менталитет ұғымына авторлардың көзқарастарының әркелкілігіне байланысты.

Жалпы ұлт дегеніміз – экономикалық, теориялық, территориялық, тілдік, психологиялық ерекшеліктерімен көрінетін адамдардың тұрақты қауымдастығы. Жоғарыдағы көрсетілген ерекшеліктерге байланысты әр ұлттың мінез-құлқы, менталитеті қалыптасады. Бұл туралы ұлы Абай өзінің 39 қара сөзінде: «...бабаларымыздың бұл замандағылардан артық екі мінезі бар екен... Олардың бірі – көсемге бағынып, дүйім елдің көсегесін көгерту. Ал, екіншісі – намысқойлық» - десе, Аймұратов пен Әуезов «...жақсының сиреген кезінде күші кетіп, мынандай соққы жолықты қазаққа. Қазақтың ұлттық қалпы өзгерді. Тірлігі, мақсұты басқа, ниеті шалағай, суық – бауыр, жаттың қалпына тиді», - деген еді. Ендеше, айтып отырған мәселенің Абайдан бастап, күні бүгінге дейін күн тәртібінен түспегендігін көреміз.

Ақиқат журналының 2013 жылғы №5 нөмерінде «Қазақтың ұлттық мінезі және менталитеті қандай?» деген тақырыпта өткізілген дөңгелек столдың материалдары жарияланған. Оған қатысқан ғалымдардың аталған мәселе туралы кейбір көзқарастарына тоқталайық. Жазушы Қ.Жұмаділов: «менталитет деген қазақтың мінез-құлқы, ұлттық сипаты деген ұғымға саяды» - десе; Ж.Сейітмұрат: «ғылымда ұлттық мінез бен ұлттық діл ұғымдарын бөлек қарастырады. Яғни, ұлттық діл деп ойлау үлгісін, рухани мінез-құлықты жатқызамызда. Ал, ұлттық мінезге адамның әрекеттік жағын, типтік мінез бітістерін, белгілерін ғана қарастырамызда», - деп пікір айтады. Д.Көшім: «Меніңше, басты мәселе менталитеттің заманға сай өзгеруінде... Менталитет, әуелі, қорқыныштан өзгереді. Бірақ, басқыншылық, тоталитарлық жүйеден өзгере ме, жоқ әлде, оны идеология өзгерте ме? Менің ойымша, идеология өзгертеді». Ж.Молдабеков: «...ұлттық менталитет деп айтып жатқан кезде, өмірлік тәжірибенің үйлестілігі, үндестілігі, үлгісі қандай еді деп жіктеп алсақ, соғырлым біз өзіміздің ұлттық сана-сезімімізді тезірек қалыптастыруға мүмкіндік аламыз... Ол үшін әуелі өзіміз жетіліп, сосын ұлттық мәдениет, дәстүрді жетілдіруіміз қажет. Бұл дегеніміз – ұлттық мінез. Бұның өлшемі де, өрісі де бұрынғы өлшеммен тең емес екенін ескерген жөн. Сондықтан да, мен қазір рух деген сөзге қосыламын. Өйткені, менталитеттің қуаты осы рухани бастаудан, рухани күш пен сенімге байланысты екен». Қ.Атақбаев: «Әр адам сықылды, әр ұлттың ерекшелігі болуы заңдылық. Ал біздің ұлтымыздың ерекшелігін тілге тиек етсек, оны тарих пен табиғаттан іздеу керек. Өйткені, тарих пен табиғат ұлт менталитетіне әсер етеді» [1].

Біз жоғарыда менталитет туралы, бір тұжырымға келген пікір жоқ дедік, келтірілген пікірлер осының дәлелі. Көрсетілген авторлардың менталитет туралы анықтамаларын мынанікі дұрыс немесе дұрыс емес деп айту қиын. Өйткені олар, менталитеттің өз мамандығы, көзқарасы тұрғысынан анықтайды. Сондықтан, бізде менталитетке ғылыми анықтама берем деуден аулақпыз. Біздің мақсатымыз, менталитетке өз көзқарасымызды білдіру. Біздің ойымызша, қазақтың ұлттық менталитетінің қалыптасуына бірнеше факторлар әсер етеді. Солардың бірі – экономикалық фактор. Ғасырлар бойы қазақ халқының экономикасы көшпелі шаруашылыққа негізделген. Көшпелі шаруашылыққа байланысты қазақ халқында ұлттық мінез, ұлттық темперамент, ұлттық сезім, ұлттық психика, ұлттық стереотиптер, ұлттық мүдде және бағдар, ұлттық сана және мәдениет, ұлттық салт-дәстүр, ұлттық менталитеті қалыптасты. Сондықтан, отырықшы халықтармен салыстырғанда көшпелі халықтардың ұлттық менталитетінің қалыптасуының өзіндік ерекшелігі бар. Оның қалыптасуына әсер ететін екінші фактор – әдет-ғұрып, салт-дәстүр. Қазақ халқының ұзақ жылдарға созылған рулық-тайпалық этникалық дамуында өзіне тән салт-дәстүрлер пайда болды. Сондай дәстүрлердің бірі – «жеті атаны» білу дәстүрі. Бұндай дәстүр, қазақтан басқа, әлемнің бір халқында жоқ. «Жеті атаны» білу – қазақтың рухани туыстығының және әлеуметтік бірлігінің көрінісі. «Жеті атаға» дейін некелесуге, отбасын құруға болмайтындығы барлық қазақ халқы үшін – заң. Оның отбасының беріктігіне, сапасына үлкен мәні бар. Бұл туралы Н.Ә.Назарбаев: дүние жүзінде, қазақ халқынан басқа, бірде-бір халықтың ішінде, жеті атаға дейін некеге отыруға болмайтындығы туралы дала заңынан басқа заңның жоқ екендігін, бұның қазақ халқының генетикалық тамырының, оның даналығының көрінісі екендігін айтады [2].

Үшіншіден, қазақ менталитетінің қалыптасуында діни фактордың атқаратын рөлі зор. Қазақ халқының сенетін негізгі діні – ислам. Дін адамның дүниетанымына үлкен әсер етеді. Дін халықтың мәдени, рухани болмысы мен әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін қалыптастырудың қайнар көзі. Ата-бабаларымыздың жүріп өткен жолы исламмен байланысын ешқашанда үзген емес, тіпті ислам дәстүрінсіз қазақ мәдениетін, салт-дәстүрін, менталитетін елестету мүмкін емес. Егерде, кез-келген халық өзінің дәстүрлі діни танымы мен діни тәжірибе негіздерінен ажырайтын болса, онда ол халық өзінің рухани мәдени болмысынан ажырайды. Дін мен дәстүр үндескенде ғана дін дамып, дәстүр байиды.

Қазақ халқының мұсылмандық діни түсінігі, шешендік сөздері, діни-дастандары, мақал-мәтелдері, жыраулар мен билердің нақыл сөздерінің мазмұнына көз жүгіртсек, әрине, аят-хадистерге барып тірелетініне және рухани құндылықтармен негізделетініне куә боламыз. Төртіншіден, қазақ менталитетінің қалыптасуына әсер еткен келесі факторы – үй-тұрмыстық жағдайы. Олардың ішінде көшпелі халықтың тұрмыстық жағдайына ыңғайланған, қазақтың киіз үйінің маңызы зор. Географиялық тұрғыдан алып қарағанда киіз үй көшіп қонуға ыңғайлы тұрақ болса, әлеуметтік кеңістікте ол – кіші космос, әлемнің конструкциясын қайталайды, қазақтың рухани бай мәдениетінің көрнісі, ғасырлар бойы сақталып келе жатқан, қазақ менталитетінің қалыптасуына үлкен әсер еткен, архитектуралық ескерткіш. Бесіншіден, қазақтың ұлттық менталитетінің қалыптасуында мәдениеттің, әсіресе, тілдің рөлі зор. Менталитеттің қалыптасуында орасан бай, өркениеттік негізі бар, түрік тілдес халықтардың атқарған рөлі аз емес. Белгілі демограф М.Татимовтың зерттеуі бойынша, түрік тілдес халықтарды 5 топқа бөледі. Олар: карлук тобы 9 тілді, огуз тобы 6 тілді, қыпшақ тобы 12 тілді, шағатай тобы 6 тілді, сельджук тобы 7 тілді біріктіреді [3]. Әрбір халықтың мәдениеті, тілі кейбір себептермен тоқырап, дағдарысқа ұшырайды, қолайлы жағдай туғанда гүлденіп, дамиды. Осындай тағдырды қазақ тіліде басынан кешірді. Әсіресе, араб алфавитінен, латынға, одан кириллицаға ауысу кездерінде, КСРО-дағы тоталитарлық жүйе кездерінде қазақ тілі үлкен қиындықтар көрді. Бірақ, жойылған жоқ. Елдің тәуелсіздік алуына байланысты қайта гүлденді, мемлекеттік тілге айналды. Қазақтың рухани бай мемлекетін сақтап, дамытуға қызмет етуде. Алтыншыдан, менталитеттің дамуына немесе оның өзгеруіне әр халықтың дамуындағы тарихи жағдай, объективті саяси ақуал әсер етеді. Айталық, біз үш ғасыр бойы орыс патшасының саясаты жағдайына өмір сүрдік. Ол бұрын қазақта жоқ сатқындық, парақорлық, қызғаншақтық, жалақорлық сияқты құбылыстарды қалыптастырды.

Жетіншіден, қазақ халқының менталитетіне табиғатпен біте қайнасу тән. Қазақтың көшпелі өмірі оларды табиғаттағы, ауа райындағы өзгерістерді, тәжірибе негізінде анықтап отырды. Соларды ескере отырып, жайлауға, қыстаққа көшіп жүрді. Соның негізінде қазаққа батылдық, тапқырлық, аңшылық, ізкесушілік т.б. қасиеттер пайда болды.

Жоғарыда айтылған факторларға сүйене отырып, менталитетке мынандай анықтама беруге болады. Менталитет дегеніміз – әр халықтың саяси-әлеуметтік, экономикалық, мәдени-тұрмыстық, тарихи, табиғи даму ерекшеліктерінің негізінде қалыптасқан мінез-құлқы, сана-сезімі, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, өмірлік тәжірибесінің жиынтығы.

Менталитет бір орында тұрмайды, заман талабына байланысты өзгеріп отырады. Мысалы, қазақтың көшпелі өмірі табиғаттағы өзгерістерді ескеру керек болған кездерде олардың менталитетіне аңшылық, із кесушілік, бүркітшілік, шабандоздық тән болса, қазір олар жоқтың қасы. Немесе қазақтың менталитетіне қонақжайлық тән дейміз. Ол да көшпелі өмірге тән. Жақын маңда дүкен, базар жоқ кездерде қазақ бар жақсы дәмін қонаққа сақтап қойды, даладағы отырған 1-2 үйге қонақ көп келмейді, сондықтан анда-санда келген қонағын олар құдайдай күтті. Ал қазіргі айналасында дүкен мен базар толып тұрған қала қазағы бар жылы-жұмсағын қонаққа сақтамайды, тіпті, бір корпуста тұратын қала адамдары өмір бойы бір-бірінің есігін де ашпайды. Бұндай жағдайға қонақжайлық қазақ менталитетіне тән деп қалайша айта аламыз? Қазіргі кезде қазақтың бұрынғы батырлық, батылдық, өжеттік, аршылдық менталитетінің орнына нарық талабына сай бәсекелестік, көреалмаушылық, парақорлық сияқты пайда болды. Меніңше, заман өзгерген сайын, ұлттық мінез-құлық та, менталитеті де өзгереді.


ҚОРЫТЫНДЫ

Қорыта айтқанда, әрбір елдің, ұлттың ғасырлар бойы қалыптасқан саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени-тұрмыстық, діни-тарихи, табиғи даму ерекшеліктеріне байланысты ұлттың мінез-құлқы, психикалық ерекшеліктері, ұлттық рухы, құндылықтары, мәдениеті, салт-дәстүрі, әдет-ғұрыптары, дүниетанымдық ойлау жүйесі, менталитеті қалыптасады. Осыған байланысты бір ұлтты қонақжай, екіншісін – өзімшіл, үшіншісін – батыл-өжет, төртіншісін – сезімтал, бесіншісін – заң силағыш, еңбекқор, жалқау т.б. анықтап жатады. Шындығында ұлттың менталитетін анықтайтын бір өлшем жоқ. Ол үнемі өзгеріп отырады.


Әдебиеттер тізімі

  1. Исламбек А. Қазақтың ұлттық мінезі және менталитеті қандай? Ақиқат, №5, 2013, 12-15 бб.

  2. Назарбаев.Н.А. В потоке истории. Алматы, «Атамұра», 1999, с.113...

  3. Татимов.М. Қазақ әлемі. «Атамұра-Қазақстан» Алматы, 1993, 37 б.


Достарыңызбен бөлісу:

rossijskie-smi-o-mchs-monitoring-za-30-dekabrya-2009-g-stranica-2.html
rossijskie-smi-o-mchs-monitoring-za-30-iyulya-2009-g-stranica-5.html
rossijskie-smi-o-mchs-monitoring-za-30-oktyabrya-2009-g.html
rossijskie-smi-o-mchs-monitoring-za-4-aprelya-2011-g.html
rossijskie-smi-o-mchs-monitoring-za-4-fevralya-2010-g-stranica-8.html
rossijskie-smi-o-mchs-monitoring-za-4-maya-2011-g.html
  • predmet.bystrickaya.ru/relgjno-mfologchn-uyavlennya-starodavnh-giptyan.html
  • paragraf.bystrickaya.ru/zhivaya-kletka-64-stranica-9.html
  • composition.bystrickaya.ru/po-literaturovedeniyu-sravnenie-raznih-variantov-narodnoj-skazki-teremok.html
  • institut.bystrickaya.ru/strahovanie-chast-13.html
  • lecture.bystrickaya.ru/68-v-laboratorii-kontrolya-vozdushnoj-sredi-otchetnij-dokument.html
  • credit.bystrickaya.ru/plan-priema-po-zayavleniyu-nakoplenie-sahalinskij-gosudarstvennij-universitet.html
  • laboratory.bystrickaya.ru/vipusk-cennih-bumag-kommercheskim-bankom-chast-14.html
  • shkola.bystrickaya.ru/mezhdunarodnie-ekonomicheskie-dogovori-chast-7.html
  • shpargalka.bystrickaya.ru/vnutrennij-tamozhennij-tranzit-chast-2.html
  • spur.bystrickaya.ru/kursovaya-teoreticheskaya-rabota-tema-formi-i-metodi-deyatelnosti-ispolnitelnoj-vlasti-rossii.html
  • writing.bystrickaya.ru/bezopasnaya-zhiznedeyatelnost-cheloveka.html
  • esse.bystrickaya.ru/razrabotka-gidroprivoda-podachi-silovoj-golovki-agregatnogo-stanka.html
  • essay.bystrickaya.ru/dannaya-programma-predlagaet-razmeshenie-v-gostinichnom-komplekse-seliger-tver-pitanie.html
  • esse.bystrickaya.ru/programmirovanie-pri-pomoshi-dejstvij-tekst-lekcij-po-kursu-funkcionalnoe-programmirovanie-dushkin-roman-viktorovich.html
  • thesis.bystrickaya.ru/predprinimateli-i-krizis-proekta-granta.html
  • reading.bystrickaya.ru/kurs-vsemestr-pp-naimenovanie-razdelov-i-tem-soderzhanie-zanyatij-po-programme.html
  • university.bystrickaya.ru/etap-i-koridornij-podhod-mozhet-snizit-uroven-zagruzhennosti-dorog-issledovanie-kompanii-dellojt-v-obshestvennom-sektore.html
  • pisat.bystrickaya.ru/u-vorot-iogann-gete-faust.html
  • lesson.bystrickaya.ru/pravo-mezhdunarodnih-organizacij-chast-4.html
  • school.bystrickaya.ru/analiz-hozyastvennoj-deyatelnosti-v-promishlennosti.html
  • klass.bystrickaya.ru/annotacii-uchebnih-programm.html
  • ekzamen.bystrickaya.ru/rekomendacii-po-vipolneniyu-testovoj-raboti.html
  • portfolio.bystrickaya.ru/pervonachalno-on-prepodavalsya-invariantno-kak-kurs-istoricheskogo-kraevedeniya-v-7-i-8-klassa-summarno-v-techenie-68-chasov.html
  • klass.bystrickaya.ru/912-pentagon-obnarodoval-instrukciyu-po-obrasheniyu-s-koranom-httplentarunews20050517koran.html
  • zanyatie.bystrickaya.ru/nahozhdenie-razlichnih-putej-i-variantov-resheniya-zadach-razvitie-voobrazheniya-metodicheskoe-posobie-udk-373-bbk-74-100-5.html
  • pisat.bystrickaya.ru/stavropolskij-kraj-pasport-kulturnoj-zhizni.html
  • assessments.bystrickaya.ru/dejstvie-vtoroe-dejstvie-proishodit-v-gorodke-grovers-korners-shtat-nyu-hempshir.html
  • letter.bystrickaya.ru/n-n-kradin-kochevniki-evrazii-stranica-7.html
  • nauka.bystrickaya.ru/v-murome-otkrilsya-ledovij-dvorec-proekt-zakon.html
  • knigi.bystrickaya.ru/skazka-bez-granic.html
  • lesson.bystrickaya.ru/uchebnie-plani-i-programmidlya-professionalnoj-podgotovki-rabochih-programmi-predlagayutsya-na-bumazhnom-i-elektronnom.html
  • ucheba.bystrickaya.ru/poyasnitelnaya-zapiska-status-dokumenta-rabochaya-programma-po-matematike-sostavlena-na-osnove-federalnogo-komponenta-gosudarstvennogo-standarta-osnovnogo-obshego-obrazovaniya.html
  • teacher.bystrickaya.ru/glava-iii-byudzhetnoe-ustrojstvo-i-byudzhetnaya-sistema-sushnost-i-funkcii-finansov.html
  • assessments.bystrickaya.ru/doklad-planiruetsya-dlya-uchastiya-v-sessii-cennosti-i-subektivnoe-blagopoluchie-soznanie-i-rolevie-modeli-rossiyan.html
  • turn.bystrickaya.ru/pesn-bogu-svyatitel-grigorij-bogoslov-pesnopeniya-tainstvennie-chast-1-2000.html
  • © bystrickaya.ru
    Мобильный рефератник - для мобильных людей.